17
март
2022
«Адалдық дүкені»
Мектебімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жобаларының бірі – «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.
«Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетті.
Жетекшісі: Г. Ж. Манатова.