Іс-шаралар » Страница 20 » Гродеково орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Версия
для слабовидящих
Гродеково орта мектебінде тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жаса мәңгі - Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында іс шара өткізілді.
28
февраль
2022
Гродеково орта мектебінде тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен
Гродеково орта мектебінде тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жаса мәңгі - Тәуелсіз Қазақстан!" тақырыбында еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. — Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. — Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында мерекелік іс шара өткізілді.
Гродеково орта мектебіде 18.09.21ж "Бірге таза табиғат " атты бүкіл әлемдік акцияға қатысты
28
февраль
2022
Гродеково орта мектебіде 18.09.21ж "Бірге таза табиғат " атты бүкіл
Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу мақсатында Гродеково орта мектебіде 18.09.21ж "Бірге таза табиғат " атты бүкіл әлемдік акцияға қатысты.Акцияға 1-сынып оқушылары ата-аналармен қатысып 55 ағаш отырғызды.
Гродеково орта мектебінде 6  сыныптар арасында "Халықтық нанымдар, жұмбақтар,табиғатқа ұқыпты қарау туралы мақал-мәтелдер" мәнерлеп оқу сайысы өтті.
28
февраль
2022
Гродеково орта мектебінде 6 сыныптар арасында "Халықтық нанымдар,
Гродеково орта мектебінде 6 сыныптар арасында "Халықтық нанымдар, жұмбақтар,табиғатқа ұқыпты қарау туралы мақал-мәтелдер" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Биология пәнінің мұғалімі Джумабаева Алтынай Ерханқызының ұйымдастырылуымен өткен бұл сайыстың мақсаты: экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру; адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру болып табылады
Гродеково орта мектебінде "Жалпыазаматтық құндылықтар" күніне орай бастауыш сыныптарда сынып сағаты өткізілді.
28
февраль
2022
Гродеково орта мектебінде "Жалпыазаматтық құндылықтар" күніне орай
Гродеково орта мектебінде "Жалпыазаматтық құндылықтар" күніне орай бастауыш сыныптарда "Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, оқушылардың қуаныш сезімдері, жүрек қуанышы жайында түсініктерін кеңейте отырып, өмірде қуана білуге және басқаларды қуанта білуге үйрету, мейірімділікке, ізгілікке, өмірді сүйе біліп, үйлесімділікте өмір сүруге тәрбиелеу. Жетекші: Манатова Гульдана
"Мұқағали жырларындағы ұлттық болмыс, халықтың салт дәстүрлері мен нақыл сөздері" атты аудандық семинар өтті.
28
февраль
2022
"Мұқағали жырларындағы ұлттық болмыс, халықтың салт дәстүрлері мен
Гродеково орта мектебінде 09.02.22ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали жырларындағы ұлттық болмыс, халықтың салт дәстүрлері мен нақыл сөздері» атты аудандық семинар өтті. Семинарда Б.Т. Ярашова понарамалық сабақ, М.С Байназарова ашық сабақ өткізді . Семинар "Соғады жүрек" атты әдеби сазды кешпен аяқталды.Іс-шараға мектеп оқушылары да атсалысты.10-11сынып оқушылары киген киімдерімен образға енуі елді таңқалдырды.
Гродеково орта мектебінде "Ауғанда от кешкендер" тақырыбында ауған  соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді.
28
февраль
2022
Гродеково орта мектебінде "Ауғанда от кешкендер" тақырыбында ауған
Гродеково орта мектебінде "Ауғанда от кешкендер" тақырыбында ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сш.Гродеково были проведены внутришкольные соревнования по национальном видам игр.
28
февраль
2022
Сш.Гродеково были проведены внутришкольные соревнования по
Сш.Гродеково были проведены внутришкольные соревнования по национальном видам игр. тоғыз қумалак , асык среди учеников 9,10,11 классов и ләнгі среди учителей . Где 1место по тоғыз кумалақ заняла ученица 9а класса Юсуп Аксезім 2место 10а класс Ахметова Арайлым 3место 11в класс Карасманова Гуля По асыкам 1место 11а класс Аманбай Нұрсултан, 2место 10ә класс Нұралиев Дәурен 3место 9ә Маратов Ерсұлтан и по ләнгі среди учителей 1место учитель физ.культуры Ибрагимов Т.А 2место Джанабергенов А.Н 3
10 сынып ер балалары арасында  байқау  өткізілді.
28
февраль
2022
10 сынып ер балалары арасында байқау өткізілді.
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Гродеково орта мектебінде "Біз отанның ұлымыз" тақырыбында 9-10 сынып ер балалары арасында байқау өткізілді. Мақсаты: Отансүйгіштікке баулу, бәсекеге қаблеттіліктерін дамыту. Байқау қорытындысы бойынша 10ә сынып ер балалары бас жүлдені иеленді. Жетекшісі: Г. Ж. Манатова
1 Наурыз Алғыс айту күні!
28
февраль
2020
1 Наурыз Алғыс айту күні!
Гродеково орта мектебінің оқушылары 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай ардагер ұстаздарымызға және көп ұлтты ауыл тұрғындарына арнап "Шын жүректен алғыс айтамын" - тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Адалдық дүкені
21
февраль
2020
Адалдық дүкені
21 ақпан 2020 жылы Гродеково орта мектебінде "Адалдық дүкені" өткізілді. Дәстүрге айналған іс-шараның мақсаты-оқушыларға адал ұрпақ бойындағы игі қасиеттерді дарыту.