«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»
Бата – халық қазынасы. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қарты бар үйдің шырағы еш сөнбейді. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. 4 а сынып оқушылары 22 наурыз мерекесіне орай бата берді. Сынып жетекшісі: Бердібекқызы М.