18
май
2019
Гродеково орта мектебінің директоры Абдирова Гулсара Мамбеталиевна
2019 жылдың 18 мамыр күні Гродеково орта мектебінің директоры Абдирова Гулсара Мамбеталиевна қамқоршылық кеңес мүшелері алдында 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Атап айтсақ, жағдайы төмен оқушыларға берілген көмек туралы, тәрбие бағыты бойынша, құқықтық-тәрбие бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар және әдістемелік жұмыстың қорытындысына кеңінен тоқталды. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Мектеп директоры өз кезегінде келесі оқу жылында алдыға қойған мақсаттары туралы мәлімдеді.