28
февраль
2022
Гродеково орта мектебінде отбасы күніне орай 1-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі Гродеково орта мектебінде отбасы күніне орай 1-сынып ата-аналарымен "Адамгершілік тәрбиесі отбасынан басталады" тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізіліп, онда бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекшелігі мен отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылықты қалыптастыру туралы ойлар айтылды. Сонымен бірге 1-сыныпқа жаңадан келген балалардың мектепке бейімделуінде кездесетін қиындықтарды жеңу туралы мектеп психологтары кеңес берді.